• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Қаржы 02 Маусым, 2017

Ақтөбе облысында мұнай ұрлығынан 7 млрд теңге шығын келді

202 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысы аумағында шикі мұнай ұрлау көріністері толастар емес. Өзгесін айтпағанда, тек «Сағыз Петролеум» компаниясына қарасты кен орнында 530 тонна мұнай ұрланғаны белгілі болып отыр.

Мұндай лас істі әдетке айналдырғандар ұрлықты түнгі мезгілді жасап, бөшкелердегі мұнайдың бір бөлігін сатып жіберген. Компанияда мұнайды есепке алу ісінің автоматтандырылмағаны, өндірілген шикізаттың орталықтандырылған коллекторға емес, бөлек тұрған бөшкелерге құйылғаны – әбден әккіленіп алған мұнай ұрлаушылардың оң жамбастарына дөп келген. Осындай тәсілмен 530 тонна мұнай ұрланған. Ақтөбе облыстық прокурорының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сүйіндіков «Egemen.kz» тілшісінің сауалына осылай жауап берді. 

 Сондай-ақ оның айтуынша кен орындарының қазіргі күзет тәсілдері тиімсіз. Тіпті күзетшілердің өздерінің ұрлық схемаларына қатысу көріністері кездеседі. Нысандарды қашықтан бақылайтын замануи электрондық күзет жүйелері енгізілмеген. Мұнай тасымалдаушы автокөліктердің пайдалануы да қадағалана бермейді. Полиция олардың жол-қозғалысы ережелерін сақтауын ғана тексереді. Бұған алдағы уақытта GPS қондырғыларын орнату қажеттігі де уақытты күттірмейді. Бұл ұсыныстар бас прокуратураға жоданған. Түйіп айтқанда өңірде соңғы бес жылда мұнай ұрлығына қатысты 160 қылмыстық іс тергелген. Оның барысында келген шығын7 миллиард тенгеден асатыны анықталды.

Темір Құсайын,

Ақтөбе